STADA компаниясы екінші жыл қатарынан Қазақстанда 2026 жылдың Үздік жұмыс берушісі болып танылды

STADA компаниясының тартымды жұмыс орны ретіндегі мәртебесі Қазақстандағы Top Employers Institute институтының екінші жыл қатарынан «Үздік жұмыс беруші» (Top Employer) атағын беру фактісімен расталды.

Қазақстанда танылудан басқа, STADA компаниясы өзінің бірегей корпоративтік мәдениеті  және бірқатар басқа елдерде қызметкерлерге деген ерекше адалдығы үшін атап өтілді, соның арқасында топ «2026 жылы Еуропаның Үздік жұмыс берушісі» деп танылды.

topemployer 2026

Тәуелсіз сарапшылар мұқият бағалау мен валидация жүргізгеннен кейін, STADA компаниясы 20 бағыт бойынша үздік салалық тәжірибелермен салыстырылды, Top Employers Institute тәуелсіз ұйымы STADA Қазақстан компаниясының «Миссия және құндылықтар», «Таланттарды тарту» және «Жұмыс ортасы» сияқты салалардағы жетістіктерін ерекше атап өтті.  Биылғы жылы танылуымыз біздің миссиямыз бен құндылықтарымыз, нақты бизнес стратегиямыз және этика мен адалдық принциптерін ұстануымыз біздің кім екенімізді және қалай жұмыс істейтінімізді анықтайтынын көрсетеді. Бұл үш бағыт ең жоғары бағаланған тақырыптардың қатарына кірді.

«Мен STADA компаниясы Қазақстанда және бүкіл Еуропада тағы да Үздік жұмыс беруші болып танылғанын мақтан тұтамын», - деп түсіндірді қызметкерлермен жұмыс жөніндегі директор Симона Бергер. «Бұл мойындау STADA компаниясының басты құндылығы - біздің қызметкерлеріміз екендігін көрсетеді. Біздің қызметкерлеріміздің энергиясы, олардың командада жұмыс істей білуі және біздің миссиямызға адалдығы біз үшін әркім өсіп, өз орнында екенін сезінетін жағдайлар жасауға мүмкіндік береді.

Тұтастай алғанда, STADA тобының орташа ұпайы миссия мен құндылықтар, таланттарды тарту және жұмыс ортасы сияқты салалардағы айтарлықтай ілгерілеуінің арқасында, соның ішінде кәсіпкерлік рух пен икемділікке ықпал ететін бірлескен жұмыс кеңістігін құру бастамаларын енгізу арқылы жақсарды.

Top Employer институты - бүкіл әлем бойынша компанияларды мәдениетті дамытуға және адамдарға бағытталған бастамаларға қосқан үлесінің негізінде бағалайтын тәуелсіз ұйым. Бұл кешенді бағалау алты бағытты және 20 тақырыпты қамтиды, соның ішінде көшбасшылық, жұмыс берушінің бренді, өнімділік, оқыту, қызметкерлердің кері байланысы, этика және адалдық принциптері және т.б. Критерийлер саланың өзгеретін тенденцияларына сәйкес ұдайы жаңартылып отырады.

STADA компаниясының соңғы жылдардағы коммерциялық және қаржылық қызметінің  жоғары көрсеткіштері қалыптасқан «өсу мәдениетіне» негізделген, бұған қызметкерлердің қатысуы туралы тұрақты сауалнамалар дәлел бола алады. Бұл сауалнамаларға қатысушылардың саны ұдайы өсіп келеді және 2025 жылы 88% - ға жетті. Сонымен қатар, бұл мәдениет топ қызметкерлерінің құрамында көрінеді: компанияда әртүрлі тәжірибе, көзқарастар мен таланттарды әкелетін 95 ұлт бар. Сонымен қатар, 2025 жылдың қыркүйегіндегі жағдай бойынша басшылық лауазымдардың 52%-ы (төменгі, орта және жоғары басқару деңгейлерінде) әйелдер болды.

Дүние жүзі бойынша 11 800-ден астам қызметкер ортақ миссиямен, көзқараспен және құндылықтармен біріктірілген. Қазақстанда 200 қызметкері бар STADA компаниясы жоғары білікті позициялардың кең спектрін ұсынатын ірі жергілікті Жұмыс беруші.


STADA Arzneimittel AG компаниясы туралы
STADA Arzneimittel AG компаниясының Штаб-пәтері Германияның Бад-Фильбель қаласында  орналасқан. Компания рецептсіз дәрі-дәрмектерді, генериктерді және арнайы препараттарды қамтитын үш тірек стратегиясын ұстанады. STADA Arzneimittel AG компаниясы өз өнімдерін әлемнің 100-ден астам елінде сатады. 2024 қаржы жылында STADA тобының сатылымы 4 059 миллион  еуроны құрады, ал пайыздар, салықтар, тозу және амортизацияға дейінгі түзетілген пайда (adj. сс EBITDA) - 886 миллион еуро.  2024 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша STADA бүкіл әлем бойынша 11 649 адамды жұмыспен қамтыды.